Өткізу күні:
10-12 шілде 2023 ж
Өткізу жері:
«Назарбаев Университеті» (Қабанбай батыр даңғылы, 53, к. 3)

Армрестлинг - екі қатысушының қол күресі. Матч кезінде қарсыластардың шынтақтары қатты тегіс жерге қойылып, қолдар алақандастырылады. Қол күрестіретін қарсыластың міндеті - қарсыластың қолын жығу.

Ережелер мен талаптар

I. Спорттық жарысты өткізу жүйесі.

Армреслинг бойынша жарыс Халықаралық армрестлинг федерациясының (WAF) ресми қағидаларына және осы Ережеге сәйкес өткізіледі.

Жарыстың барлық қатысушылары Ережені және оның талаптарын білуге және сақтауға міндетті.

II. Жарысқа қатысушылар, спортшылардың сандық құрамы.

Армреслинг бойынша жарыстар екі қолды күрестіріп (оң және сол қолмен бөлек), салмақ дәрежесінде, ерлер мен әйелдерде бөлек өткізіледі. Армрестлинг жарыстарына қатысатын әрбір қатысушы өзінің салмақ дәрежесінде немесе бір саты жоғары салмақ дәрежесінде тек оң немесе сол қолды күрестіріп, жарысқа қатыса алады. Бір салмақ дәрежесінде бір команданың екіден артық емес спортшысы (қосарлану) ұсынылуы мүмкін, команданың сандық құрамы көбеймеуі тиіс (8 спортшы).

Қатысушының спорттық киімі жарыс талаптарына сай болуы тиіс, олай болмаған жағдайда қатысушы жарысқа жіберілмейді.

Спортшы марапаттауға спорттық киіммен шығуға міндетті.

III. Спортшылардың салмақ дәрежелері.

Спортшылардың салмақ санаттары (әр қолға бөлек):

  • Ерлер: 75 кг-ға дейін, 85 кг-ға дейін, 95 кг-ға дейін, 95 кг-ға дейін.
  • Әйелдер: 55 кг-ға дейін, 65 кг-ға дейін, 75 кг-ға дейін, 75 кг-ға дейін.

IV. Ұпайларды санау.

Салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз екі қолдағы жеңістер сомасы бойынша анықталады. 1-орын үшін - 1 ұпай, 2-орын үшін – 2 ұпай, 3-орын үшін – 3 ұпай және т. б. беріледі.

Жеңімпаз команда әр салмақ дәрежесінде қатысушылар жинаған ұпайлардың ең аз сомасы бойынша анықталады. Егер бір немесе одан да көп команда салмақ категорияларының бірінде қосарлануды (бір команданың екі спортшысының қатысуын) жүзеге асырса, онда ұпайларды есептеу ұпай сомасы (қатысушылар алатын орындар) бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте команда қатысушыны шығармаған салмақ санатында айыппұл ұпайлары есептелмейді.

Екі және одан да көп командалардың ұпайлары тең болған жағдайда жеңімпаздар мына қосымша көрсеткіштер бойынша анықталады:

  • - командадағы бірінші орындардың саны;
  • - командадағы жүлдегерлер саны (2, 3- орын).
Толық көрсету

Сайыстар кестесі

    • 10.07.2023
    • Назарбаев Университеті
    • 13.00-18.30
    • 11.07.2023
    • Назарбаев Университеті
    • 09.00 – 16.00
    • 12.07.2023
    • Назарбаев Университеті
    • 09.00 - 18.00

Сайыстар нәтижелері

  • 11.07.2023 - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXII Спартакиадасы қол күресі бағдарламасы бойынша турнир хаттамасы (әйелдер) Жүктеу
  • 11.07.2023 - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXII Спартакиадасы қол күресі бағдарламасы бойынша турнир хаттамасы (ерлер) Жүктеу
  • 12.07.2023 - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXII Спартакиадасы қол күресі бағдарламасы бойынша турнир хаттамасы (ерлер) Жүктеу
  • 12.07.2023 - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXII Спартакиадасы қол күресі бағдарламасы бойынша турнир хаттамасы (әйелдер) Жүктеу
  • 12.07.2023 - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXII Спартакиадасы қол күресі бағдарламасы бойынша турнир хаттамасы (командалар) Жүктеу

Жауапты және өткізу орындары

Леонид Ким

+7 701 863 33 36 Қол күресі

Өткізу жері

«Назарбаев Университеті» (Қабанбай батыр даңғылы, 53, к. 3) https://go.2gis.com/vmsc6

Марапаттау

Армрестлингтен I орын алған Команда Кубокпен және дипломдармен марапатталады. Екінші және үшінші орын алған командалар алатын орындарына қарай кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Өз салмақ дәрежесінде 1, 2 және 3 орын алған жарысқа қатысушылар медальдар мен дипломдар алады

  • кубоктармен
  • медальдармен
  • дипломдармен