Мини-футбол
- Өткізу күні:
- 10-14 шілде 2023 ж
- Өткізу жері:
- "Sairan Arena" футбол кешені (Тұран даңғылы, 58/1)
Мини-футбол-немесе Футзал командалық спорт, жарыстар ФИФА қамқорлығымен өткізілетін футбол түрлерінің бірі. Футболдан айырмашылығы - ойын тактикасында.
Ережелер мен талаптар
Команда құрамы - 10 адам, әр командадан ойынға 6 ойыншы қатысады (5 - алаңда, 1 - қақпашы).
Матч барысында биылғы 31 желтоқсанға дейін жасы 40 жасқа толған және асқан екі және биылғы 31 желтоқсанға дейін жасы 30 жасқа толған және асқан екі ойыншының қатысуы міндетті. 40 жастан асқан спортшылар 40 және одан жоғары нөмірлі, 30 жастан асқан, 30-дан 40өy-нөмірлі формада ойнауға міндетті.
Командада аталмыш жас категориясы ойыншылары болмауы жағдайында, команда сайысқа өткізілмейді.
Ойын тәртібі — 20 минуттан тұратын 2 тайм, арасында 5 минуттық үзіліс. Әр таймда 1 минуттық тайм-аут алуға мүмкіндік бар.
Егерде матч үстінде ойыншы 2 ескерту (сары карточка) алған болса, онда ол алаңнан қуылып, келесі ойынға автоматты түрде өткізілмейді. Егерде ойыншы бірден қызыл карточка алса, (ережеге сай емес қарсыласқа айқын гол салу мүмкіндігінен айыру, қарсыласқа гол салуға мүмкіндік бермеу, қарсыласқа секіру, жарақат беру мақсатымен дөрекі ойнау және сол сияқты т.б.), онда ол автоматты түрде келесі ойынды өткізіп жібереді. Егер ойыншы/жаттықтырушы агрессиялық іс-қимылы үшін (соққы/соққылауға талпыныс: қарсыласты, төрешіні, серіктестерге; қарсыластарға, төреші, серіктестер мен жанкүйерлерге балағат сөз үшін) алаңнан қуылса, әлде басқа да қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-қимыл болса, онда турнир соңына дейін дисквалификация беріледі.
Сайыстар мини-футбол ережелеріне сай өткізіледі.
Сайыстар кестесі
-
-
10.07.2023
-
Sairan Arena
-
12.00 - 17.00
-
-
-
11.07.2023
-
Sairan Arena
-
09.00 – 16.30
-
-
-
12.07.2023
-
Sairan Arena
-
09.00 - 17.20
-
-
-
13.07.2023
-
Sairan Arena
-
09.00 – 15.40
-
-
-
14.07.2023
-
Sairan Arena
-
10.00 - 11.40
-
Сайыстар нәтижелері
- 10.07.2023 - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXII Спартакиадасы мини-футбол бағдарламасы бойынша турнир хаттамасы Жүктеу
- 11.07.2023 - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXII Спартакиадасы мини-футбол бағдарламасы бойынша турнир хаттамасы Жүктеу
- 12.07.2023 - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXII Спартакиадасы мини-футбол бағдарламасы бойынша турнир хаттамасы Жүктеу
- 13.07.2023 - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXII Спартакиадасы мини-футбол бағдарламасы бойынша турнир хаттамасы Жүктеу
- 14.07.2023 - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXII Спартакиадасы мини-футбол бағдарламасы бойынша турнир хаттамасы Жүктеу
Жауапты және өткізу орындары
Марапаттау
Жалпы есепте 1, 2 және 3 орындар алған командалар марапатталады:
-
кубоктармен
-
медальдармен
-
дипломдармен
Ең үздік спортшыларға «үздік қақпашы», «үздік бомбардир», «үздік ойыншы» номинациялары бойынша сыйлықтар табыс етіледі.