Қазатомөнеркәсіптің Спартакиадасы: уран кендерінен олимпиадалық нәтижелерге дейін

14 шілде, 12:00
Достармен бөлісу:

Қазатомөнеркәсіптің Спартакиадасы: уран кендерінен олимпиадалық нәтижелерге дейін

Астанада ауқымды спорттық іс-шара – компанияның туған күнін мерекелеуге орайластырылған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның XXII Спартакиадасы аяқталды. Қазақстанның әр қиырындағы атом холдингі кәсіпорындарының қызметкерлері әдемі ойын өрнегін көрсету және кім жеңімпаз болатынын анықтау үшін елордада кездесті.

Бес күн бойы 23 командаға бөлінген 1000 шақты спортшы спорттың 9 түрі: мини-футбол, жеңіл атлетика, волейбол, бадминтон, армрестлинг, үстел теннисі, баскетбол, шахмат және киберспорттан (FIFA) чемпион атану үшін сынға түсті.

Әр спорт түрі бойынша қатысушылар әділ күрес, тамаша спорттық дайындық, шеберлік және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық спорт түрлерінен жеңімпаздар анықталды. Жалпы командалық есепте «ҮМЗ» АҚ құрамасы көш бастап, екінші орынды «ОТХК» БК» командасы, үшінші орынды «Инкай» БК» ЖШС командасы жеңіп алды.

Биылғы марапаттау рәсімі ерекше болды, атом холдингінің ұжымын жарыстың аяқталуымен Қазатомөнеркәсіп басшылығымен бірге Қазақстанның танымал саясат қайраткерлері мен даңқты спортшылары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, Қазақстан спортшылар одағының төрағасы, бокстан ҚР спорт шебері Азамат Қарлығашев, бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин құттықтап келді. Құрметті қонақтар Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар мен медальдарды табыс етті.

«Бүгін компаниямыздың туған күнін мерекелеп, Спартакиада жеңімпаздарын марапаттауымыздың символдық мәні зор. Осыдан 26 жыл бұрын дәл осы күні Қазатомөнеркәсіптің қалыптасуының даңқты тарихы басталды. Біз көп жылдардан бері әлемдік аренадағы көшбасшылық орнымызды сенімді түрде сақтап келеміз. Бүкіл ұжымға адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін зор алғысымды білдіргім келеді, - деді іс-шараның жабылу салтанатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов. Компания салауатты өмір салтын қолдауға көп көңіл бөледі. Бұл күндері біз спортшыларымыздың қызықты ойындары мен жарқын эмоцияларын үлкен қызығушылықпен тамашаладық. Қазатомөнеркәсіптің Спартакиадасы – рухтың күші, жеңіске деген ерік-жігер, белсенді өмірлік ұстаным, компанияға және спортқа деген сүйіспеншілік. Жыл сайын бүкіл атом холдингінің қызметкерлерін біріктіретін және әрқайсымызды жаңа спорттық жетістіктерге шабыттандыратын спорттық мерекенің барлық қатысушыларын құттықтаймын».

Жарыстар барысында барлық командалар спорттық дайындықтың лайықты деңгейін және жоғары нәтижелерді көрсете білді. Үлкен спорттық іс-шараға қатысушылар өздерімен бірге кубоктар мен медальдарды ғана емес, сонымен қатар сергектік пен жақсы көңіл-күйді де алып кетеді. Жеке және командалық есепте жеңімпаз болғандар «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасына қатысады.

Басқа жаңалықтар