Спартакиады XXI барлық фотоларын осында қарай аласыз әлде сілтеме арқылы жүктеу https://photos.google.com/share/AF1QipNdzrLfnhXgsdHc7GXr_L3FA6sz0PzDRPHwRHO81GgicWUlKk7wfSz4yuxm1GwMeg?key=T0hrOUxPX2VuU0IyZ2hKYUNTdUVsd1JOUzlkZHdn
Қазатомөнеркәсіптің XXII Спартакиадасы: старт Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерінің жыл сайынғы XXII Спартакиадасы басталды. Бес күндік додаға атом холдингі кәсіпорындарынан 23 команда қатысады. Бес күн бойы спортшылар күштік және интеллектуалды спорт түрлерін, соның ішінде ептілік жарыстарын қамтитын спорттың 9 түрі бойынша өз күштерін сарапқа салатын болады: шағын футбол; жеңіл атлетика; баскетбол; волейбол; бадминтон; армреслинг; үстел теннисі; шахмат; киберспорт (FIFA). Қызықты жәйт: барлық спорт түрлерінен жарыстар күнде болмайды. Сондықтан алғашқы ойын күнінде спортшылар тоғыз спорт түрінің тек бес жарымында кездесу өткізді. «Жарым» дейтініміз – бұл күні қол күресіне қатысушылар үшін тек салмақ өлшеу және ережелермен танысу болды, ал жарыстың өзі ертең басталады. Қалған біріншіліктерде — шағын футбол, баскетбол, волейбол, бадминтон және үстел теннисінен кездесулердің бірінші айналымы өтті. Ойындар қатар жүрді, сондықтан ракетка әуесқойлары үшін алдымен үлкен корттағы, содан кейін кішкентай корттағы ракетка сермейтіндердің ойынын тамашалаудың сәті түспеді. Дегенмен, турнир кестесінде қажетті мәліметтің бәрі бар.
Шағын футбол
Шағын футбол қызметкерлер арасында да, көрермендер арасында да ең танымал. Доп тепкісі келетіндердің көп тіркелгені, ал турнир кестесінің тығыз болғаны соншалықты, матчтарды бірден екі алаңда қатар өткізуге тура келді.
Баскетбол
Мұнда бір алаң жеткілікті болды, бірақ қатысушылар арасындағы тартыс шағын футболдағыдан кем болған жоқ. Доп пен себеттің жанкүйерлерін жарыс кестесі таң қалдырды әрі қуантты — матчтардың тығыздығы өте жоғары болды.
Волейбол
Таңертеңгі 10-да басталған кездесулер кешке дейін жалғасты. Қатысушылар бес топқа бөлініп, матчтардың екі айналымын өткізді, сондықтан бір рет ойынға қатысып, басқа уақытта демалуға мүмкіндік болмады — күні бойы босаңсымай, табандылық таныту қажет еді.
Бадминтон
Бадминтон кең алаңды қажет ететін спорт түрі емес, сондықтан бір кортта бір уақытта үш ойын өткізілді. Қатысушылар екі айналымнан өткізетін екі топқа бөлінді. Волейболшылар сияқты бадминтон чемпиондығынан үміткерлер де әртүрлі қарсыластармен екі кездесуден өткізуі керек еді. Нағыз ракеткалар шайқасы дерсің!
Үстел теннисі
Ең жылдам ойын күнін пинг-понг әуесқойлары өткізді – кездесулер небәрі төрт сағатта аяқталды. Ойыншылар екі үлкен тізімге бөлінді, ал олардың топтық кезеңі сәрсенбіге дейін жалғасады. Жарыс енді ғана басталды, сондықтан қорытынды жасауға әлі ерте. Ертең бізді жаңа ойындар мен жаңа нәтижелер күтеді. Жеңілгендердің еңсесі түспесін, ал жеңімпаздар босаңсымасын!