Спартакиады XXII барлық фотоларын осында қарай аласыз әлде сілтеме арқылы жүктеу: https://photos.app.goo.gl/DWddCM6UEeGNPGQT6
XXII Спартакиада: екінші күн
Астананың спорт алаңдарында Қазатомөнеркәсіп Спартакиадасының жеңімпазы атағы үшін күрес бүгін де толастаған жоқ. Спортшылар шағын футбол, баскетбол, волейбол, бадминтон армрестлинг, үстел теннисі және шахмат жарыстарында шеберлік пен ептілік, жылдамдық пен төзімділіктің өнегесін көрсетті.
Шахмат турнирінің бірінші күні қызықты өтті - ойыншылар гроссмейстерлік стратегиялар мен тактикаларды құрып, жеңісті жақындата түсті.
Сондай-ақ, кейбір салмақ дәрежелерінде армрестлинг бойынша алғашқы жеңімпаздар анықталды. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында жүлделі орындар: 1-орын Руслан Жамбылов (ҮМЗ), 2-орын Нұрсұлтан Төлеген (Байкен-U), 3-орын Бауыржан Сатыбалдиев (Қызылқұм); 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орынды Эльмурат Аблазиев (Қаратау), 2-орынды Ерлан Дәрімбаев (ОТХК) және 3-орынды Инал Тадтаев (ҮМЗ) иеленді.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасында Мария Бұхарова (ҮМЗ) 1-орынды жеңіп алды, 2-орында Нина Павлова (Инкай) және 3-орында Зарина Сапарова (Қазатомөнеркәсіп); 65 келіге дейінгі әйелдер арасында жеңіс тұғырына көтерілгендер: 1-орын Күнсұлу Талғатқызы (Байкен-U), 2-орын Нәзира Дәлелханқызы (ҮМЗ), Индира Қошқарбаева (ОТХК).
Барлық спортшыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, жаңа табысты нәтижелер тілейміз!