XXII Спартакиада: мәре сызығы жақын
Спартакиаданың төртінші күні көптеген әсерлі спорттық жетістіктермен аяқталды.
Жеңіл атлетикадан 100, 200, 400 және 1500 метр қашықтыққа жүгіруден жеңімпаздар анықталды.
200 метр қашықтыққа жүгіруден әйелдер арасындағы жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Мироненко Галина (ҮМЗ), 2-орынды Әбдіқалық Айдана (КАР Logistics) және 3-орынды Омарбекова Айдана (Қазатомөнеркәсіп) иеленді. 40 жастан асқандар жас санатындағы ерлер арасында 400 метр қашықтыққа жүгіруден топ жарғандар: 1-орын Зиновьев Андрей (ҮМЗ), 2-орын Төлепбергенов Нұржан (Инкай), 3-орын Шыршықбаев Олжас (Қаратау). 100 метр қашықтыққа жүгіруден 1-орынды Алпамысов Мыңжасар (Волковгеология), 2-орынды Сейтжанов Әділхан (Қаратау) және 3-орынды Мұсабеков Бауыржан (Инкай) жеңіп алды.
1500 метр қашықтықта Блинов Игорь (ҮМЗ) алдына жан салмады, 2-орында Докучаев Дмитрий (Қазатомөнеркәсіп) және 3-орында Тұрсынәлі Абдуллаев (Инкай) мәреге жетті.
Сондай-ақ атом холдингі кәсіпорындарының командалары киберспорт бойынша да медальдарды сарапқа салды. Ойын нәтижесінде 1-орынды «Семізбай-U» ЖШС командасы, 2-орынды «Волковгеология» АҚ және 3-орынды «ҮМЗ» АҚ жеңіп алды.