Спартакиады XXII барлық фотоларын осында қарай аласыз әлде сілтеме арқылы жүктеу: https://photos.app.goo.gl/iTKPPb94b7Lo7wzs9
XXII Спартакиада: жарыстар жалғасады
Міне, үш күннен бері Спартакиада қатысушылары әрбір жеңіс үшін жанталасып, өз шеберліктерін сынға салып келеді.
Шағын футбол ойындары әдеттегідей тосын жағдайларға, толқулар мен тартыстарға толы болды. Әр матч қарсылас командалар арасындағы нағыз шайқасқа айналып, топтық кезеңнің үздіктері суырылып алға шықты.
Көрермендерді жеңіл атлетика жарыстарының қатысушылары да спорттық шеберлігімен және жігерлігімен сүйсіндірді. Жеңіл атлеттер дене шынықтырудың жоғары деңгейін және табандылықтың өнегесін көрсетті. Бұл күні 100, 200, 400 және 1500 метр қашықтыққа жүгіруден жеңімпаздар марапатталды.
Қол күресінен де мықтылар анықталды. 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында 1-орынды Нұржан Урзыматов (Байкен-U), 2-орынды Хуршит Байжанов (Қаратау), 3-орынды Андрей Сурков (ҮМЗ) иелесе; 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1-орынды Ақсұнқар Бектасов (Волковгеология), 2-орынды Серік Амангелдіұлы (Аппақ) және 3-орынды Николай Бычков (ҮМЗ) жеңіп алды. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасында 1-орынды Меруерт Қалдыбай (Қаратау), 2-орынды Анар Салқынбекова (ОТХК), 3-орынды Жадыра Мамырова (Қазатомөнеркәсіп) иеленді. 75 келіден астам салмақта жеңімпаз атанғандар: 1-орын Дана Әміренова (KAP Technology), 2-орын Палина Маликова (ОТХК), 3-орын Гүлзуан Әбдіразақова (Қазатомөнеркәсіп-Сауран). Армрестлинг бойынша жалпыкомандалық есепте «ҮМЗ» АҚ 1-орынға, «ОТХК» БК» ЖШС 2-орынға, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ командасы 3-орынға лайық болды.
Біз спортшыларымыздың күш-қайраты мен ынта-жігерін мақтан тұтамыз және Қазатомөнеркәсіптің XXII Спартакиадасының жеңімпазы қай команда болатынын білу үшін келесі жарыс күндерін асыға күтеміз.